Ранжирлеу методологиясы

Жоғары оқу орнының сапасын жетілдіру құралдарының бірі жалпы ақпарат құралдарында жарияланатын рейтингі туралы ақпарат. Ол  сапа бойынша нық позициясы бар  жоғары оқу орнының сапасын салыстырудың танымал механизмі. Мұнда ғылыми негізделген және  сенімді нәтиже  алуға мүмкіндік беретін рейтингті анықтаудағы методология мен әдістер қолданылады. Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингінің  жыл сайын жасалатын бір вариантын  БСҚҚТА  биыл басып шығарады.

БСҚҚТА  методологиясы жоғары оқу орнының сапасн анықтау  және жоғары оқу орындарының рейтингін анықтау саласындағы соңғы жетістіктерге соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Алмания, Польша, Ресей, жапония т.б., елдердің тәжрибесіне  сүйеніп жасалған.

Рейтингті жүргізу методологиясын ЮНЕСКО-ның жоғары білім бойынша Еуропалық орталығының директоры д-р Ян Садлак қолдап, оны 2007 жылғы 28-31  қазанда Шанхайда өткен  Рейтинг бойынша халақаралық эксперттер  тобының отырысында  тыңдауға қосқан.Халықаралық эксперттер тобының жиналысы жыл сайын ЮНЕСКО-ның жоғары білім бойынша Еуропалық орталығының, АҚШ жоғары білім беру институтының  саясаты және Шанхай жоғары білім беру институтының  басшылығымен өтеді.

Рейтингті анықтау мақсаты мынадай:

1. қоғам /көпшілік/ шешім қабылдау үшін /абитуриенттер олардың ата-аналары, саясаткерлер, қорлар, жұмыс берушілер, халықаралық ұйымдар/ ақпарат беру;

2. жоғары оқу орындарының арасында бәсекелестіктің артуына  ықпал ету;

3. жоғары оқу орындарынң ішінде сапаны қамтамасыз ететін орталықтарды құруға ықпал ету  және  дамыту.

Рейтингті жасаушылар  өлшемдер мен индикаторларды жасауда үлкен жұмыс атқарды. Мұнда жоо білім сапасының  сипаттайтын сандақ көрсеткіштерімен қатар халықтың түрлі топтарыменжүргізілген  социологиялық зерттеулер де қамтылды.  Рейтинг жасалатын жғары оқу орнының кешенді қызметінің сапалық көрсеткіштері тәуелсіз үш категориядан тұрады. Олар:

1. жоғары оқу орындары  студенттерінің жетістіктері, оқытушылар құрамының қол жеткен жетістіктері оқу құралдарымен және қаржымен қамтамасыз етілуі кіретін академиялық ресурстары;

2. жоғары оқу орындарын іштей  білім алушылар мен білім берушіліердің- студенттер мен  оқытушылардың бағалауы;

3. жоғары оқу орындарын көпшіліктің бағалауы, орталық және айымақтық органдар мен ірі, орта және кіші компаниялардың бағалауы.

Көрсетілген категорияларға байланысты  сауалнаманың үш түрі жасалған.

1. әр жоо 53 позиция бойынша ақпараттық-статистикалық мәлімет беруі;

2. 10 сұрақ бойынша оқытушылар мен студенттерден сауалнама алу;

3. жұмыс берушіліердің, көпшіліктің, министрліктер мен ведомстволардың  жоо түлектерінің деңгейін бағалауы.

Жоо теориялық алатын  балдың интегралдық саны 1000. Бірінші сауалнама бойынша максимал жинайтын балл саны 500, екінші сауалнама бойынша 200 және үшіншіде-300.

№1 сауалнама

№1 сауалнаманы санауда төменде  кестеде берілген 7 өлшем және 44 индикатор негізінде  жоо 53 позиция бойынша шынайы мәліметтер беруі тиіс. Теория бойынша әр оқу орнының жинайтын балының саны  бұл анкета бойынша 500 екенін ескертеміз. Ол 10 пайыз,(%).

Өлшемдер Индикатор Салмақтық коэфиценттер балдар және %
Студенттер контингенті
70 балл,  14%
 
  1.  
    1. Студенттердің жалпы санындағы күндіз оқитын студенттердің ара салмағы
    2. күндіз оқитын студенттердің ішінде мемлекеттік грантпен білім алатын студенттердің ара салмағы
    3. Студенттердің жалпы санындағы шетел студенттерінің ара салмағы
    4. Студенттердің күндіз оқитын бөлімдегі жалпы санындағы магистранттар мен аспиранттардың ара салмағы
 
15 3
   
   
25 5
 
 
 
15 

15

 
 
 

3

Оқытушы-профессорлар құрамы
80 балл, 16%
2.1. Штаттық ПОҚ санындағы ғылым кандидаттары мен докторларының ара салмағы 20 4
  2.2. Штаттық ПОҚ санындағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын алғандардың ара салмағы 25 5
  2.3. Штаттық ПОҚ санындағы премия алған оқытушылардың ара салмағы 20 4
  2.4. Штаттық ПОҚ санындағы экономиканың түрлі саласында қызмет ететін қосымша істеушілер ара салмағы 5 1
  2.5. Штаттық ПОҚ санындағы соңғы 5 жылда авторлық куәлік немесе патент алған оқытушылардың ара салмағы 10 2
Жоо ғылыми-зерттеу потенциалы

100 балл, 20%

3.1. Бір штаттық оқытушыға бөлінетін ҒЗЖ қаржыландыру көлемі 10 2
  3.2. Бір штаттық оқытушыға шаққанда соңғы  екі жылда Қазақстанда және одан тыс жерлерде жарық көрген  еңбектер 10 2
  3.3. Бір штаттық оқытушыға шаққанда соңғы  екі жылда шетелдерде жарық көрген басылымдар 15 3
  3.4. Диссертациалық кеңестер саны 15 3
  3.5. ғылыми мамандықтар саны 5 1
  3.6. Бір штатық оқытушыға шаққанда соңғы екі жылда цитатқа  Қаз МИНТИ келтіретін,  басылып шыққан оқу құралдары мен монографиялар саны 15 3
  3.7. Жоо конференцияларында ғылыми баяндама жасаған студенттер саны 15 3
  3.8. Жоо қатысатын халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен  бағдарламалар саны 10 2
  3.9. Жоо қатысатын ғылыми ұлттық және аймақтық бағдарламалар саны 5 1
Қаржыландыру, оқу процесіне жұмсалатын шығын және негізгі қор
80 балл, 16%
4.1 Бір студентке келетін оқу-лабораториялық  үйдің аумағы 10 2
  4.2. Студенттердің бір компьютерге келтірілген ара қатынасы 10 2
  4.3. Үш тілдегі беб сайттың   білім беру порталының болуы 20 4
  4.4. Студенттердің келтірілген контингентіне  шаққанда  бір студентке келетін 1995 жылғы  жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдарымен  өлшенетін кітапхана  қорлары

/ ресурстары/.

10 2
  4.5. 2007-2008 жылы 10 ПОҚ жазылым жүргізілген   қазақстан журналдарының аталулары мен саны 5 1
  4.6. 2007-2008 жылы 10 ПОҚ жазылған шетелдік, ресейлік журналдардың саны мен атаулары 10 2
  4.7. Келтірілген студенттер контингентімен есептегенде 1 студентке оқу процесіне кететін шығын мөлшері

/республикалық инновациялық конкурсқа қатысуды есептемегенде/

15 3
Студенттерді іріктеу және оқу процесінің нәтижесі

90 балл, 18%

5.1. 2005-2006 оқу жылындағы оқуға қабылдаудағы кешенді тестілеу нәтижесінің орташа балы 5 1
  5.2. 2005-2006 оқу жылында  абитуриенттерді оқуға қабылдаудағы ҰБТ нәтижесінің орташа балы 5 1
  5.3. 2006-2007 оқу жылында  абитуриенттерді оқуға қабылдаудағы ҰБТ нәтижесінің орташа балы 10 2
  5.4. МАБ нәтижесі 20 4
  5.4.1. 2006-2007 оқу жылындағы АМБ нәтижесінің орташа балы 10 2
  5.4.2. АМБ өткен студенттер санының масштабы 10 2
  5.5. 2006-2007 жылы АМБ  бірден өткен студенттер санының арақатынасы 5 1
  5.6. 2 жылда студенттер білімінің өсуі 15 4
  5.7. Студенттердің келтірілген контингентінің бакалавриат бағдарламасына қатысы 5 2
  5.8.   Берілген деңгейдегі студенттердің келтірілген контингентінің магистратура /мамандықтарының/ бағдарламасына қатысы 5 1
Әлеуметтік-мәдени база

35 балл, 7%

7.1. Қалада тұрмайтын 1 студенке келетін жатақхана алаңы 10 2
  7.2. Студенттің мәдени даму мүмкіндігі 10 2
  7.3. Спорталаңының, емдеу орындарының, демалу зоналарының болуы 10 2
  7.4. 2006-2007 және 2007-2008 оқу жылдарында аймақтың қоғамдық дамуына үлес қосқан  студенттер саны, пайызбен. 5 1
Халықара

лық қатынастар деңгейі
45 бал, 9%

8.1. Шетел жоғары оқу орындарымен әріптестік:  2006-2007 және 2007-2008 оқу жылдарында күндізгі бөлім/ бакалавриат, магистратура, аспирантура/ бір студентке шаққандағы халықаралық  алмасу саны 15 3
  8.2. 2006-2007 және 2007-2008 оқу жылдарында бір оқытушының халықаралық алмасу саны 10 2
  8.3. Шетел жоғары оқу орындарымен бағдарламалар бойынша  алмасу 10 2
  8.4. Шетел жоғары оқу орындары ассоциациясына мүше болу 10 2

№1 кестедегі сауалнамада келтірілген мәліметтердің шынайылығын  БСҚҚТА   эксперттері  барып тексереді.

№2 Сауалнама

БСҚҚТА  эксперттерінің және эксперттік кеңестің  пікірі бойынша жоғары оқу орнының сапасы туралы жақсы пікір білдіретіндер тікелей сол жоғары оқу орнында қызмет істейтін адамдар мен студенттер, сондықтан студенттер мен оқытушылардың пікірлері өте мәнді. Сауалнамаға жауап беретіндер өздері қызмет істейтін  немесе оқитын  жоғары оқу орындарының  тартымдылығы  және білім беру нәтижелері туралы айтуы тиіс. Оқытушылар мен студенттерге қойылатын сауалнамалар мынадай болуы мүмкін: «Сіздің жоғары оқу орындарының лабораториясы қалай жабдықталған?», «Оқу  әдебиеттерімен қалай қамтамасыз етілген?», «Оқу процесінің компьютермен жабықталуы, Интернетке қосылуы қалай?», «Емтихан тапсыру сессиясында пара алу кездесе ме?» және т.б,. Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы қазіргі студентке  қажетті негізгі көрсеткіштер: жоо техникалық жабдықталуы, арнайы лабораториялардың болуы, оқу залдарында әдебиеттердің, компьютердің  жеткілікті болуы, Интернет желісінің қолжетімділігі туралы мәліметтерді көрсетеді.

№2 Сауалнаманың  бағалануы 0 ден 10 балға дейінгі 10 сұрақтан тұрады. Сондықтан максималь балл саны 100 тең. Балдың сомалық саны 200.

№3 Сауалнама

Қазақстан жоғары оқу орындарын ранжирлеу үшін  Қазақстан Республикасының барлық министрліктеріне /  оның ішінде ҚР     Жоғары Прокуратурасы, ҚР жоғарғы соты/  облыстық, қалалық әкімшіліктерге  казақстанның жоо ранжирлеу кезінде ескеру үшін БСҚҚТА-і №3 сауалнаманы толтыруды сұрап хат жібереді. Атап көрсететін жағдай  тұрғындарды толық қамту мақсатында әр аймақтың тұрғындарына пропорциалы түрде, ал Астана, Алматы қалалары үшін орталық атқару органдарының саны және  заңды тұлғалардың шоғырлануына қарай сауалнама 1,5 коэфицентімен бөлінеді.

Сауалнама түрлі  жолдармен жүргізіледі. Орталық атқару комиттетеріне, акімдіктерге, ұлттық компанияларға почта арқылы сауалнама жіберу; БСҚҚТА  өкілдерінің тікелей жұмыс орындарында сауалнама жүргізуі, телефон арқылы сұраққа жауап алу.

№3 Сауалнама Қазақстанның   түлектерінің деңгейі өте жоғары 150 азаматтық жоо тізімін қамтиды,сауалнамаға жауап беруші лердің пікірінше жоо 10 алады. Дайындау деңгейі жоғары оқу орнының деңгейі-7 балл, жеткілікті дайындау деңгейі -4 балл, жеткіліксіз дайындау деңгейі-0 балл, ал қанағаттанарлықсыз деңгей- минус 3 балл.  Әрбір сауалнамаға жауап беруші өзі бағалайтын  жоо кез келген санын бегілей алады. Сондықтан әр жоо барлық ұсынылған сауалнама бойынша қорытынды балл сомасын алады.

Бұл сауалнама бойынша мах. Балл-300. Ол мах. Бал жинаған тек бір жоо тағайындалады. Қалған жоо  өз коэфиценттеріне сәйкес өз балдарын алады. Мәселен, жооА мах  сан 10180-тең балл, онда оған 300 балл беріледі. Егер жоо Б сол көрсеткіштер бойынша 2700 балл жинаса, ол 2700/10180*30079,57 балғатең.   Барлық сауалнамалар оптикалық сканерлеу арқылы компьютердің көмегімен өңделеді.

Үш сауалнаманың нәтижесі қосылады да, одан кейін  интегралдық сомасы анықталады соған сәйкес  жоо әр тобыың рейтингтік орны анықталады.

Егер жоо интегралдық мәнінде бірнеше жоғары оқу орындарында 3 пайыз мөлшерінде ауытқу болса, ол жоо бір орын беріледі.

ЖОО өкілдеріне: сайттағы рейтинг сауалнамасын толтыру керек.