Қазақстан ЖОО рейтингі 2011


Сонымен бiрге қараңыз:


Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингі, 2011 жыл

Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) жоғары оқу орындары мен 2011 жылғы оқу бағдарламаларының рейтингін өткізуге арналған мәліметтерді жинау процедурасын бастады.

Алғаш рет бакалавриат пен магистратураның кеңінен танымал бағдарламаларының бағыттары бойынша пилоттық жоба анықталады.

Рейтинг әдістемесі іс жүзінде өзгерілген жоқ, тек жеке анықтаулар енгізілді. Өткен жылдардағыдай, рейтинг есебі үш сауалнаманың негізінде жасалады:

№ 1 сауалнама – сауалнамаға 60 салмақты пайыз кіреді (жоғары оқу орны жинай алатын максималды ұпай - 600 ұпай), оған жоғары оқу орнындағы академиялық қорлар жатады. Ұпай есебін агенттік өткізеді, ал жоғары оқу орындары қорытынды мәліметтерін жеткізеді, ол мәліметтер әртүрлі әдістер бойынша тексеріледі.

№ 2 сауалнама - сарапшылардан орта баға алған сауалнамалар, оларға 10 салмақты пайыз кіреді (жоғары оқу орны жинай алатын максималды ұпай - 100 ұпай), сараптамалық топты агенттік анықтайды.

№ 3 сауалнама – жоғары оқу орнының жұмыс берушілердің арасында абырой-атағын анықтайтын жұмыс берушілердің сауалнамасы; бұл сауалнама жұмыс берушілердің, сонымен қатар мемлекеттік және аймақтық органдардың ой-пікірлерінің негізінде есептеледі; 30 салмақты % (жоғары оқу орны жинай алатын максималды ұпай - 300 ұпай).

Қазақстан жоғары оқу орындарына төмендегідей ақпараттар жіберілді:

1) Ректорға хат

2) Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингін анықтауға арналған № 1 сауалнама

3) Бакалавриат/магистратура бағдарламалары бойынша рейтингті анықтайтын № 1 сауалнама

4) Excel форматындағы № 1 сауалнама

5) Excel форматындағы кестедегі № 1 сауалнаманы толтыру туралы Нұсқау

6) Қазақстан жоғары оқу орындарының тізімі

Сайтта жоғары оқу орындарының және бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының рейтингін есептеуге борлатын кестелер жеке көрсетілген.

Жұмыс берушілер, агенттіктің nkaoko@mail.ru мекен-жайына жіберетін сауалнамаларды пошта арқылы, сонымен қатар «Атамекен» ҰЭП-ның сайтынан ала алады.