«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Қазақстан Республикасының Заңы

 

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                                                 (1- 16 баптар)

2-тарау. Техникалық регламенттер                                        (17-19 баптар) 

3-тарау. Cтандарттау. Жалпы ережелер                                      (20- 25 баптар)
4-тарау. Сәйкестікті растау                                                             (26- 34 баптар)
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және          (35- 36 баптар)
         зертханаларды аккредиттеу                                                            

6-тарау. Техникалық регламенттерде

         белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік

         бақылау мен қадағалау                                                            (37-43 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды       (44- 45 баптар)
         адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан                                   
         Республикасының техникалық реттеу саласындағы                                        
         заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы                                              
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер                                 (46- 47 баптар)
 Түпнұсқада мазмұны жоқ
 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім;

2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін, сәйкестікті растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгілі бір салада белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

Алтыншы абзац 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3) аккредиттеу жөніндегі орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) аккредиттеу саласы - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі;

5) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

6) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

7) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

Он екінші абзац 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

9) инспекциялық тексеру - аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарын сақтауына жүргізетін тексеру;

10) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;

11) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

12) мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт;

13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;

14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

16) міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;

17) негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

18) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;

19) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

20) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

21) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

22) өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

23) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

26) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

27) сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі;

28) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

29) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

30) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

31) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі;

32) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

33) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация;

35) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

36) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;

37) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

38) стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

40) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;

41) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

42) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы;

44) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

45) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

47) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры мемлекеттік органдардың техникалық регламенттерінің, стандарттарының және өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;

48) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

49) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;

50) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган;

51) ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

52) ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;

53) үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

54) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық

реттеу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары

мен принциптерi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

5-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу

жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, зертханалар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры құрайды.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту;

5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекiту;

6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекiту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) техникалық регламенттерді бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

9) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;

10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды атқару.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификат береді және оның тәртібін белгілейді;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

13) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Стандарттау саласында:

1) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге асырады;

Сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, аккредиттеу аттестатының, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

8-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық

реттеу саласындағы құзыретi

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;

3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық регламенттерді және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды;

7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

8-1-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган

1. Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол уәкілетті органның жанынан құрылады.

2. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) аккредиттеу мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

2) аккредиттеу аттестатын үш жыл мерзімге береді;

3) аккредиттеу аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұрады.

Аккредиттеу аттестатының қолданылуының тоқтата тұруына негіз болған себептер жойылған кезде немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған кезде аккредиттеу органының өтініші бойынша аккредиттеу аттестатының күші сот шешімімен жойылады;

4) инспекциялық тексеруді жүзеге асырады.

9-бап. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық

реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

1. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

2. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттiк органдар бекiтедi.

Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

10-бап. Ақпарат орталығы

1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:

1) техникалық реттеу саласындағы қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi екi жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы;

3) техникалық реттеу саласындағы әзiрленiп жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:

1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;

3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.

3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.

Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.

Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың құқық қабiлеттiлiгi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң өтуiне немесе осы Заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.

3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;

2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;

4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;

6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

5. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

3) сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiне сай берiлген сәйкестiк сертификаттары, тiркелген сәйкестiк туралы декларациялар жөнiнде және объектiлердi сертификаттаудан бас тарту туралы мәлiметтер беруге;

4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi мiндеттi растау ережелерiн бұзғаны және сәйкестiк сертификатын заңсыз бергенi, сәйкестiк туралы декларацияларды заңсыз тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.

 

13-бап. Зертханалар

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Зертханалар - меншiк нысанына қарамастан, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi).

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiктi растау мақсатында сынақ жүргiзу жөнiндегi зертханалардың құқық қабiлеттiлiгi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң бiтуiне, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен күшi жойылуына және жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.

3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:

1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;

2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;

3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Зертхана осы зертханаға бекітілген аккредиттеу саласында көзделген объектілер бойынша сынақ жүргізу шартын сәйкестікті растау жөніндегі бір ғана органмен жасауға құқылы.

4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:

1) техникалық регламенттерді және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерiстер енгiзу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды, техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларын дайындайды;

2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.

15-бап. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры

1. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады.

2. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.

3. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

16-бап. Сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.

Егер сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқылы емес.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тауар шығарылатын елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және зертханаларды уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Taуap шығарылатын елді анықтау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды даярлау мен аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2-тарау. Техникалық регламенттер

 

17-бап. Жалпы ережелер

1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

6. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

7. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

8. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

18-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны

1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

2. Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

3. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

2. Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

5. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

7. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

8. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

11. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

12. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

3-тарау. Cтандарттау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары

1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.

21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары

1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.

4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

5. Мемлекеттік стандарттарда:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) менеджмент жүйесін енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред