Колледжді аккредиттеу
Аккредиттеу – бұл тұтас жоғары оқу орнының немесе жеке білім беру бағдарламаларының белгілі бір стандарттарға және өлшемдерге сәйкес келуін бағалау үшін қолданылатын процесс.
Аккредиттеудің институтционалдық, арнайы, ұлттық және халықаралық түрлері бар.
Институтционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу.
Арнайы аккредиттеу деп кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді атайды.
Ұлттық аккредиттеу – мемлекет шеңберіндегі білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу.
Халақаралық аккредиттеуде білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу шетелдік агенттікте жүргізіледі.
Институтционалдық аккредиттеу процедурасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1385 «Білім ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы» қаулысына және 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі бекіткен «Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына» сәйкес жүргізіледі. Ол мынадай сатылардан тұрады:
№1 саты – өзін-өзі бағалау (ішкі бағалау);
№2 саты – эксперттер комиссиясының сыртқы бағалауы;
№3 саты – аккредиттелгені туралы куәлік алу.
Институтционалдық аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерінің негізінде жоғары оқу орны 1-2 жыл бойы өзін-өзі бағалауды жүргізеді. Ол жоғары оқу орны қызметінің барлық жақтарын қамтиды, одан кейін ғана өзін-өзі бағалау туралы есеп дайындайды. Жоғары оқу орны өзін-өзі бағалау кезеңінде алдын ала келісім бойынша ТҚБСҚА өз өкілдерін жіберу арқылы кеңестік қызмет көрсетеді.
Семинардың үш түрін өткізу жоспарланған, олар: басқару және менеджмент, стратегиялық жоспарлау, жоғары оқу орны ішілік білім беру сапасын қамтамасыз ететін бағалау жүйесін жасау, жоғары оқу орнының сапа мәдениетін қалыптастыру туралы тренингтер мен лекцияларды қамтитын жоғары оқу орнының басшыларына, құрылымдық бөлімдердің басшыларына және оқытушы-профессорлар құрамына арналған.
Өзін-өзі бағалау процедурсаы аяқталған соң аккредителінетін жоғары оқу орны (эксперттік комиссия келгетінінен 1 ай бұрын) өзін-өзі бағалау есебінің 5 данасын эксперттік комиссия мүшелері жоғары оқу орнына келгенге дейін мұқият танысу үшін агенттікке жібереді. Бұдан кейін эксперттік комиссия өзін-өзі зерттеу материалдарында көрсетілген пікірлердің сенімділігін бағалау үшін жоо келеді.
ТҚБСҚА құрған эксперттік комиссия жоғары оқу орнын 2-4 көреді. Эксперттік топтың жоо жұмысы ТҚБСҚА әзірлеген жоо танысуға жасалған басшылығына сәйкес жүргізеді. Эксперттердің ЖОО көруі туралы есеп жазуы 1-2 күнде БСҚҚТА да жүргізіледі. Есептің нәтижесі жоо жіберіледі.
Эксперттік комиссия ұсынған жоғары оқу орнын аккредиттеу туралы материалдар, есептер, ұсыныстар Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстанның тәуелсіз агенттігі аккредиттеу кеңесінде қаралады. Кеңес құрамына қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, жоо ректорлары, ғылыми ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер және қоғамдық өкілдер кіреді. Кеңес құрамы БСҚҚТА диреторының бұйрығымен бекиді. ЖОО аккредиттеу білім беру ұйымдарының өтінішінің негізінде жасалған келісім бойынша жоо қаржысы есебінен жүргізіледі.
Аккредиттік кеңесінің түпкілікті шешім қабылдауы
БСҚҚТА эксперттік комиссияның ұсыныстары мен есебін талдап, шешім қабылдау үшін аккредиттік кеңеске ұсынады. Эксперттік комиссияның жағымды есебі және БСҚҚТА тұжырымдамасы аккредиттік кеңестің оң шешім қабылдауының міндетті жағдайы.
Аккредиттеу кеңесі мына шешімдердің қабылдауы мүмкін:
- жоғары оқу орнын 5 жыл мерзімге аккредиттеу;
- аккредиттеуді өткізбеу.
Жоғары оқу орнына берілген аккредиттеу статусының мерзімі бес жылға тең. Мерзім өткеннен кейінаккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ЖОО қайтадан аккредиттеуден (реаккредитация) өтуі тиіс.
Аккредиттеу шешімі жағымды болған жағдайда БСҚҚТА аккредиттеу туралы қысқа есепті ақпарат құралдарында және өз сайтына шығарады.
Жоғары оқу орнына аккредиттелген жоо деген мәртебе берілгеннен кейінгі процедура
БСҚҚТА жоғары оқу орны танысу барысында эксперттік комиссияның есебінде көрсетілген ескертулерді түзетуді тексеру үшін эксперттерді жіберуге құқылы.