Сұрақтар мен жауаптар (Болон процессі)

Сұрақтар мен жауаптар (Болон процессі)

"Болон процесі" дегеніміз не?

Еуропа елдерімен жоғары білім берудің біртұтас Еуропа кеңістігін (ЕПВО) құру  процесі «Болондық» деп аталады,  оның негізгі мақсаттарына 2010 жылы қол жетілуі тиіс. Оның бастауы 1999 жылы Болоньяда (Италия) Болон декларациясына қол қойылуымен ашылды, онда Еуропа елдерінің жоғары білімі ұлттық білім жүйелерінің салыстырмалығы мен үйлесімділігіне жетуге әкелетін негізгі мақсаттар түзілді. Болон декларациясының алғашқы хабаршылары деп әдетте - және заңды да -  университеттердің Ұлы хартиясы  (Magna Charta Universitatum  - Болонья, 1988) және  Сорбон декларациясы есептеледі. (Париж, 1998). Болон процесінің негізгі мақсаттары 2010 жылы орындалады деп көзделуде. Қазіргі уақытта  (2004 жыл) Болон процесі 49 елді біріктіреді: Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Кипр, Лихтенштейн, Турция, Хорватия, Албания, Андорра, Босния және Герцеговина, Ватикан, Македония, Ресей, Сербия, Черногория, Грузия, Азербайжан, Армения, Молдова, Украина және т.б.


Жалпыеуропалық білім кеңістігін құру міндетін қалайша, ненің есебінен  шешу көзделеді?

Болон декларациясында  6 маңызды міндеттер көрсетілген, оларды шешу Еуропаның  білім  беру саласында бірігуіне ықпал етпекші. Бұл - жоғары білім беру саласында жалпыға түсінікті, салыстырмалы біліктілікті ендіру, екі сатылы жоғары білім жүйесіне көшу  (бакалавриат - магистратура), сынақ терминдері бірлігінде (кредит) еңбек сіңіргіштік бағасын  (курс, бағдарлама, жүктеме) енгізу және ЮНЕСКО үлгісін жасаған дипломға қосымшаларда оқу бағдарламаларын көрсету, студенттер, оқытушылар мен әкімшілік-басқару тұлғаларының жұмылғыштығын арттыру, жоғары білімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, жоғары білім саласындағы біліктіліктер мен тиісті құжаттарды өзара тану, жоо-ның автономиялығын қамтамасыз ету.   

Қазіргі уақытта   10 мәселені айтуға болады: бұрынғы қалыптасқандарға жоғары білімнің жалпы жүйесіне аспирантураны (үшінші деңгей) енгізу, жоғары білімге «еуропалық өлшем» беру (оның жалпыеуропалық құндылықтарға бағдарлануы) және еуропалық білімнің тартымдылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  жоғары білімнің әлеуметтік ролін жүзеге асыру, қосымша білім беру жүйесін - «бүкіл өмір бойына білімді» дамыту. Онан басқа, қазіргі уақытта жалпыеуропалық білім мен ғылыми кеңістік жөнінде неғұрлым көбірек айтуға болады.

Болон процесі өрісінде білім беру реформасының қажеттігі неден туындаған?

Еуропа көп жағдайда өзін біртұтас бүтін санайды. Жоғары білім қоғамның құрылуына елеулі ықпал ететін сала болып табылады, сондықтан білім жүйелерінің шашыраңқылығы, ала-құлалығы Еуропаның бірігуіне кедергі келтіреді. Біртұтас Европа еңбек (жұмыс күші), тауарлар мен капиталдың еркін айналуын көздейді, осыдан келіп жоғары білім саласындағы біліктілік салыстырмалығының қажеттілігі шығады, онсыз жоғары білікті кадрлардың еркін қозғалысы мүмкін емес. Соңында, жоғары білім бизнестің жоғары рентабельді саласына айналып отыр, онда АҚШ жетекші орын алады. Европа тек біртұтас ретінде ғана осы салада табысты бәсекелестікке үміт арта алады.

Қазақстанды Болон процесіне қосу қажеттілігі бар ма?

Біріншіден, Қазақстанда білім беру жүйесі Совет үкіметі тұсында қаланған, европалық түбірі бар; отандық жүйе үшін тарихи тұрғыда үлгі-прототип қызметін атқарған сол бір жүйені өзгерту қисынды болып көрінеді.

Екіншіден, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Еуропға жол» арнайы бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілген. Қазақстан  2010 жылы беделді еуропалық ұйым ОБСЕ-ге төрағалық етеді, Евроодақпен тауарайналымын жақсартады және сыртқыэкономикалық байланыс жасайды; осы байланыстар, ең алдымен, жоғары білімі бар адамдармен жүзеге асырылады: егер олардың білімдері сәйкес болса, байланыс орнатып, ұстап тұру оңай болады

Қазақстанда Болон процесінің қағидаларын жүзеге асыру үшін қандай алғышарттар бар?

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» Заңына сәйкес және 2004ж ҚР Президентінің жарлығымен қол қойылған ҚР білімін дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстанда  үш сатылы дайындық жүйесі қаралған. Бірінші саты- бакалавриат (нормативті оқу мерзімі 4 жыл), екінші - магистратура (оқу мерзімі 1-2 жыл). Бұл жүйе Ph.D докторларын және жоғары мектеп пен ғылым үшін докторлар дайындауды жоспарлауда.

Жоғары оқу орнындағы кредиттік технология бастапқыда эксперимент түрінде бөлек бағдарламалар бойынша енгізілсе, ал қазір 2008-09 оқу жылынан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында академиялық кредит жүйесі бойынша оқыту жүреді.

6. Жоғары білімнің екі деңгейлі жүйесінің артықшылығы қандай?

Қазіргі уақытта білім тез ескіруде. Сондықтан бітірушіге салыстырмалы түрде ауқымды даярлық беріп,  оны қажетіне қарай білімін, дағдылары мен икемділіктерін толықтырып, жаңартып отыруға үйрету қажет. Бакалавриат дәл осындай дайындыққа  бағытталған (әр түрлі жүйеде -  3 жылдан  4 жылға). Магистратура (әдетте 1 - 2 жыл) көбіне неғұрлым тар және терең мамандануды көздейді, магистрант ғылыми зерттеу және/немесе оқытушылық жұмысқа бағдарланады. Бакалавриат аяқталған жоғары білім беретінін, ал бакалавр дипломы бар бітіруші қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес аяқталған жоғары білімді қарастыратын штаттық қызметке үміткер бола алатынын атап өту керек.

Болон  процесі барлық мамандықтарды түгел екі деңгейлі білім жүйесіне көшіруді талап ете ме?

Болон процесі ерікті құрылады және өзінің қатысушыларынан ештеңе қажет етпейді.  Оның негізгі мақсаты - іс жүзіндегі білім беру жүйесіндегі ашықтық, сәйкестік, түсініктілік, бір жүйеден екіншісіне оңай көшу мүмкіндігі. Бұл орайда түрлі елдердің тәжірибелері бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, көптеген елдерде медициналық білім өзінің дәстүрлі  «бір деңгейлі» құрылымын сақтауда, десе де Ұлыбританияда «медицина бакалавры», «стоматология бакалавры», «хирургия бакалавры» т.б біліктіліктер бар. Жалпы қазіргі уақытта батысеуропалық елдердегі білім жүйелері біртектіліктен әлі алыс; олардың қаншалықты жақындасатынын - болашақ көрсетеді.  Қандай жағдайда болмасын, Болон процесінің құжаттары білім жүйелерінің ұлттық ерекшелігі - бұл жалпы еуропалық байлық екенін атап көрсетеді.

Екі деңгейлі жүйенің экономикалық астары қандай? Бакалаврларды қысқа мерзімде оқытып дайындау мемлекеттің қаражатын үнемдеу емес пе?

Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары біліміндегі «ақылы» сектор көлемі бойынша бюджеттен асып кетеді, сондықтан білімнің «үнемділігі» туралы сөз әшейін болып бара жатыр. Десе де, барлық жағдайда тек әр түрлі деңгей ғана емес, сонымен бірге жоғары білімнің әр тұрпаты болуы тиіс: жаппай біліммен бірге элиталық білім болуы тиіс. Жалпы жоғары білімді «арзан» мүмкіндікпен алған жөн, ал элиталық білімге үнемдеудің қажеті жоқ. Жалпы білім  «төменсапалы», «арзандатылған» дегенді білдірмейді: ол тиісті диплом иесінің шешуі тиісті проблемалардың бұхаралық сипатына жауап бере алады (мысалы инженер-эксплуатацияшы). Оның үстіне, оқу мерзімін азайту бітірушілерді кәсіби еңбекке ертерек баулуға мүмкіндік береді, әрі бұған олардың өздері де, қоғам да мүдделі болмақ (білім циклдарының «жедел айналымы» капиталдың жедел айналымы сияқты тиімді). Әр тұрпатты білім үшін оқу процесінің оңтайлылығы, оқыту, білім технологиясының әдістемесін жетілдіру және т.б. маңызды. Болмағанды қосу қажет: жалпы және элиталық білім арасында алынбастай шекара болмайды: білімді әрқашан «горизонталь» да, «вертикаль» түрінде де жалғастыруға болады. 

Жоғары білім саласында салыстырмалы, жалпыға түсінікті біліктілік енгізу деп (академиялық дәреже) не түсініледі?

Қазіргі уақытта түрлі елдердегі жоғары оқу орындарын бітірушілерінің алған біліктілігін салыстыру қиынға түсіп отыр. Университет немесе колледж түлектері тиісті оқу курсын аяқтағаннан кейін «бакалавр» біліктілігін алып, содан соң 1-2 жыл көлемінде қосымша курс игеріп «магистр» біліктілігін алатын елдерде әдетте «дипломды маман» біліктілігі неге сәйкес келетінін «түсінбейді»: ол бакалавр аналогы ма әлде магистр аналогы ма? Бакалавр мен магистр біліктілігін беру дәстүрі жоқ немесе бұл дәстүр жаңашылдық болып табылатын елдерде де дәл сол сияқты бакалавр мен магистр деңгейлеріндегі білім ерекшелігі неде, бакалавр жалпы аяқталған жоғары білімді адам болып табыла ма, мұны жұмыс берушілер мен көпшілік түсіне бермейді. Мысалы, Францияда бакалавр - бұл орта білімді адам, бакалавриат аналогы бүгінгі Францияда   licence болып шығады (яғни, француз лиценциаты ағылшын бакалаврына сәйкес келеді). Білім түрі мен деңгейі туралы ақпаратты бара-бар түсіну үшін технологиялық сәйкестіктердің бұл жүйесін білу қажет. Сондықтан Болон процесі бір елдің академиялық біліктілік дәрежесі екіншісіне түсінікті болуы үшін бакалавр-магистр-доктор Ph.D үш циклды оқыту жүйесін енгізуде. Қазақстанда 2006 жылы ҚР Еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «бакалавр» біліктілігі жеткілікті болатын қызметтер шеңберін анықтайтын номенклатуралық тізбе белгілеу жұмыстарын жүргізді.              

 ЮНЕСКО (UNESCO/CEPES) моделін дайындаған

Дипломға қосымша нені білдіреді?

Дипломға қосымша - бітірушіге жоғары білім туралы дипломмен міндетті түрде бірге берілетін (тегін) құжат. Оның мақсаты - алынған дипломға жауап беретін жоғары білімнің деңгейі мен түрін барынша «ашық» ету. Қосымша 8 негізгі бөлімді қамтиды: диплом иесі туралы (аты-жөні, т.с.с.) ақпарат, бітірушінің біліктілігі туралы, осы біліктіліктің деңгейі туралы, білім мазмұны туралы және алынған нәтижелер туралы ақпараттар, алынған біліктіліктің атқаратын қызметтік сипаттамалары туралы (кәсіби және қызметтік бағдарлануы) ақпарат, қосымшаның осы елдегі сертификатталуы туралы мәліметтер, елдегі жоғары білім жүйесін суреттеу, білім басқармасы органдарының немесе жоо-ның қалауы бойынша қосымша ақпараттар. Соңғы бөлімнен басқа барлық бөлімдер міндетті түрде толтырылуы керек; қосымшада тиісті ақпараттар болмаған жағдайда, оның себебі көрсетілуі керек. Барлық жазбалар ұлттық тілде, сондай-ақ кең тараған Европа тілдерінің бірінде жазылады (әдетте бұл ағылшын тілі).

Болон процесінің дамуында академиялық мобильділік қандай роль атқарады?

Академиялық мобильділік - бұл студенттер (ең бірінші), жоо оқытушылары, әкімшілік-басқарушы тұлғалар үшін тәжірибе алмасу, «өз» жоо-да әлдебір себеппен ала алмаған мүмкіндіктерді алу, ұлттық тұйықтықты игеру және жалпыеуропалық перспективаларды алу мақсатында бір жоо-дан екіншісіне «ауысу» мүмкіндігі. Болон декларациясының ұсынымдары бойынша әр студентке семестрді мүмкіндігінше басқа жоо-да, шет елде өткізген жөн. Академиялық жұмылғыштықтың жоғары деңгейі дамыған инфрақұрылымды (жатақхана, медициналық сақтандыру және т.с.с.) және  қаржыландыру көздерінің қолжтемділігін (іссапарларға гранттар мен т.с.с.) көздейді, бұл, өкінішке орай, әркез орындала бермейді. Бірақ бұл міндет - алдағы уақытта - жоо-ры мен білімді басқару органдарының назарынан таса қалмауы керек. Батыс Европада студенттердің мобильділігі де ойдағыдай емес - ол жалпы студенттер санының 5-10% жуығын қамтиды.

Кредиттер, академиялық бірліктер жүйесін енгізудің мәні неде?

Кредиттер (сынақ бірліктері) - бұл білім (жоғары)  саласындағы өзіндік «евро», «ортақ валюта». Оқыту нәтижелері салыстырмалы болу үшін, оларды қайсыбір ортақ жүйе шеңберінде бағалау керек. Европада ECTS (European Credit Transfer System, Кредиттерді ауыстырудың (қайта есептеудің) Европалық жүйесі) жүйесі кеңірек тараған. Бір сынақ бірлігінің шамамен мазмұны - 36 (академиялық) сағат, онда академиялық сағат әдетте 45 астрономиялық минутқа тең (көптеген еропалық елдерде бакалавриат студенттің жылына 60-тан 180 бірлік алуын көздейді.) Сынақ бірліктерінің жүйесі екі негізгі қызмет атқарады. Бірінші - басқа жоо-да алынған курстарды қайта есептеу; басқаша айтқанда, қажетті бірлік санын студент ішінара басқа жоо-да ала алады да, оның «өз» жоо-ны студентке оны есепке алуы тиіс - онсыз академиялық мобильділік шарттары мүмкін емес. Екінші қызметі - жинақтық. Студент түрлі себептермен білімді «бөлшектеп», уақыттан тыс, жоо өзгерте отырып т.с.с. алуы мүмкін.  Егер қайсы бір нақты нәтижелер әрі қарай жарамсыз екені айтылмаса (мысалы, аталмыш курстың ескіруіне қарай), студент тиісті академиялық дәреже (бакалавр, магистр) алу үшін қажетті санды алғанға дейін сынақ бірліктері жинақтала береді. Қайта есептеу мен кредиттерді жинақтау мүмкіндігі жоо арасындағы сенімділікпен, олардың оқу бағдарламаларының сәйкестігімен, лекция, семинар, лабораториялық жұмыстар, студенттердің өзіндік жұмыстары және т.с.с. үлес салмағының әртүрлілігін ескере отырып, түзету коэффициентін енгізу мүмкіндігімен шартталатыны айқын.

Білім бағдарламаларын құрудың модульдік принципі немен тұжырымдалады?

Модуль деп көбіне бағдардарлама құрамындағы нақты өзара байланысты тұтастықты құрайтын, бағдарламаның жалпы құрылымының ішінде логикалық құрылымша ретінде бағаланатын пәндер блогы айтылады. Білім модулінің өз бетіндігінің шамасы оның салыстырмалы түрде тақырыптық тұйықтығымен айқындалады. Модулге академиялық кредиттердің нақты саны (сынақ бірліктерінің) және жеке есептілік, модуль ұсынып отырған жаңа білімдер мен/немесе дағдыларды игеруге бақылау жасау жауап береді; бұл бекітілген ережелер бойынша өзін өзі бақылау да бола алады. Есептілік нәтижелері бір мезгілде жаңа модульді игеруге көшуді бастайтын ену бақылауы да бола алады. Модульдік құру, әсіресе, пәнаралық бағдарламаларды (мультипәндік) құруда тиімді, олар кейбір көптеген пәндерді органикалық түрде үйлестіруі тиіс. Магистратурада инварианты бөлігін сақтай және модульді өзгерте отырып, түрлі мамандануды беру «ыңғайлы».

Тану туралы Лиссабон конвенциясы нені білдіреді және оның Болон процесімен байланысы қандай?

Тану туралы Лиссобон конвенциясы (Европалық аймақта жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенция) 11.04.1997 ж. Лиссабонда қабылданды. Ол жоғары білім жүйесі шеңберінде тиісті біліктілікті танудың тұтас әрі келісілген құрылымын құруды қарастырады. Тану туралы Лиссабон конвенциясы бұрынғы бірқатар құжаттарды ауыстырады және біліктілік құжаттарын тануды реттеу үшін құқықтық база қалыптастыруға бағытталған. Конвенция Европа Кеңесі мен ЮНЕСКО-ның белсене атсалысуымен әзірленді.

Конвенцияда біліктілік құжаттарын танудың алуан қырларына қатысты негізгі ережелер әзірленді:

Конвенцияда оған бірігуші елдердің мемлекеттік органдары тиісті біліктіліктерді тану саласында шешім қабылдаудың процедуралық мәселелері белгіленген. Конвенция ережелерін іске асыруда ENIC Network/NARIC Network желілері елеулі роль атқарады.

Болон процесі жөніндегі Министрлердің Бергендегі (2005 ж.) конференциясында тану туралы Лиссабон конвенциясының ережелерін дамытатын құжаттар мақұлданды және Европалық жоғары білім кеңістігіндегі (ЕПВО) екі немесе одан көп елдер берген қос дипломды (бірлескен дипломдар/бірлескен дәрежелер) тануға барлық елдердің үкіметтеріне шақыру тасталды.

Қазақстан Республикасы тану туралы 11.04.1997 ж. Тану туралы Лиссабон конвенциясы қол қойған елдерге жатады, ол елдің Парламентімен 07.10.1998 ж. ратификацияланып, 01.02.1999 ж. іске енді.

Болон процесі жариялаған білімдегі европалық құндылықтарға бағдарлану принципін қалай түсіну керек?

Шын мәнінде, сөз европалық білімнің бәсекеге қабілеттігі, тартымдылығы мен жаһандану үдерісінің әсерін қонымды түрде шектеу туралы болып отыр. Бір жағынан, жаһандану процесінің объективті сипаты бар; әлем елдері экономикалық, саяси және басқа көптеген мәселелерде сөзсіз өзара тәуелді болып шығады. Тек оқшаулану ғана бұған альтернатива бола алады, ал ол тарих көрсеткендей, ешқашан және еш жерде оң нәтижелер берген емес. Екінші жағынан, жаһанданудың қарадүрсін түсіндірілуі бұл ұғымды көбіне америкаландыру дегенмен ауыстырады. Осы соңғысында, әлем біріздендірілген бір «дүниежүзілік ауылға» (global village) айналады деп есептеледі. Дегенмен, мәдениетте кезгелген біріздендіру қауіпті: ол сөзсіз тоқырауға алып келеді, өйткені нақ саналуандық, түрлі жүйелердің өзара әрекеті оң дамудың көзі болмақ. Әр мәдениетте өзінің, тек соған тән ғана міндеті, жалпы адамзаттық қазынаға қосар өз үлесі бар, ал жаһандану екпінімен тіпті бір ғана мәдениетті жою - бұл әлемдік масштабтағы қасірет. Соған сәйкес Европаның өз мәдениетінің барлық өзгелермен ұқсастығын сақтап, салыстырып көруге барлық негізі бар.